ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
ЖАЗДЫҢ СОҢҒЫ СЕССИЯСЫ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАДЫ
Биылғы жаздың соңғы күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібіне Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 194 «2023 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Ойыл ауданының елді мекендері аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидаларын бекіту және Ойыл ауданының әкімшілік — аумақтық бірлігін басқару схемасын бекіту туралы мәселелер ұсынылды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Әділханов баяндама жасаса, екінші-үшінші мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Тілепов хабарлады.
Одан кейін депутаттар назарына ұсынылған Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 182 «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, «Ойыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» және «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, сол күні аудандық мәслихаттың жанындағы әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тұрақты комиссияда Ойыл ауылдық округінің әкімі А.Аманғосов «Ойыл ауылдық округі әлеуметтік — экономикалық дамуы туралы» есебі тыңдалды.
Комиссия отырысы барысында аудандық мәслихат депутаттары тарапынан сұрақтар қойылып, ойын алаңдарын салу, ауыл шаруашылығы, көшелерді жарықтандыру, бұралқы иттер бойынша мәселелер қозғалды.