ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АУҒАН СОҒЫСЫ – КЕҢЕС ОДАҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТАРИХТЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ БЕТТЕРІНІҢ БІРІ. ОН ЖЫЛҒА ЖУЫҚ БӨТЕН ЕЛДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАҒАН АУҒАНСТАНДАҒЫ ШЕКТЕУЛІ КОНТИНГЕНТ ӘСКЕРЛЕРІ ҚҰРАМЫНДА ҚАЗАҚСТАННАН 22 269 ЖАУЫНГЕРЛЕР ӨЗДЕРІНІҢ ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТІН АТҚАРДЫ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНАН 1700-ДЕН АСТАМ АДАМ АТТАНҒАН. 10 ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН СОҒЫС МАЙДАНЫНА КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ ІШІНДЕ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА АЛЫНҒАН ҚАЗАҚ САРБАЗДАРЫНЫҢ ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ЕРЛІК ТАНЫТҚАНЫ ТАРИХ БЕТТЕРІНДЕ ӨШПЕСТЕЙ ЖАЗЫЛДЫ. ОНДАЙ ЕРЛІКТІ ЕСКЕ АЛСАҚ, КӨЗ АЛДЫМЫЗҒА ОТ ШАРПЫҒАН ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН МЕН ҚАРША БОРАҒАН ОҚТЫҢ ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТТЕ АЖАЛ ҚҰШТЫРҒАНЫ ҚАБЫРҒАҢДЫ ҚАЙЫСТЫРАДЫ. БИЫЛ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕ ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 35 ЖЫЛ ТОЛДЫ.

Атаулы күннің қарсаңында «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында мәдени шара өтті. Аталған кездесу кешіне мектептің жоғары сынып оқушылары мен аудандағы санаулы ауған соғысының ардагерлері қатынасты. Онда алдымен көпшілік назарына Ауған соғысының суық лебі ескен Ауған даласы, соғыс өткен таулы аймақтағы соғыс техникалары бейнебаян арқылы көрсетіліп, бабалар ерлігінен кеудемізге кернеген рух ұялады. Келесі ретте сахна төрінде «Маржан» бишілерінің ұсынған композициялық би нағыз ерлік пен қанды қақтығыстың бір легін көз алдымызға алып келді. Біздің ауданнан Абай Тоқмағамбетов, Ермек Сұлтанов, Болат Сағатов, Сырым Мүсіров, Виктор Хитрук сынды ағаларымыз 18-ге енді толған шақтарында тыныштықты қорғаймыз, соғыс өртін өшіреміз деп қанды қырғынның ортасынан бір-ақ шыққан еді. Сол кеште Ауған жерінде оқ пен от арасында өткізіп, елге оралып, бейбіт күнде еңбек еткен азаматтар, өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісті.
Кеш кезінде аудан өнерпаздары патриоттық әндерін тарту етсе, кеш соңында аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы, майор Ернұр Асқаров ауған соғысының ардагерлеріне «Ауғанстан Демократиялық Республикасының Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл» арнайы мерекелік төсбелгісін, естелік сыйлықтарын табыс етті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Басқа жаңалықтар