ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛҒАН ЕМЕС!

БІЗДІҢ АУДАНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫ СӨЗСІЗ. ӘЛБЕТТЕ, ОЛАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ ӘРТҮРЛІ, БІРЕУЛЕРІ ТУА БІТТІ КЕМТАР АТАНСА, ЕНДІ БІРЕУЛЕРІ ТАҒДЫРДЫҢ ТӘЛКЕГІН БАСТАН КЕШІРІП ОТЫР. АЛАҚАННЫҢ ЫСТЫҒЫН, ЖҮРЕКТІҢ ЖЫЛУЫН КҮТЕТІН, ТІПТІ АҢСАЙТЫН ШАРАСЫЗ, ДӘРМЕНСІЗ, ПАНАСЫЗ, ҚОРҒАНСЫЗДАР ДА БАР. ҚОЛДАН КЕЛГЕНШЕ СОЛАРДЫҢ ЕҢ БОЛМАСА БІРЕУІНЕ ҚОЛ ҰШЫН СОЗСАҚ, ЖҮРЕГІНЕ ҮМІТ ОТЫН ЖАҒА БІЛСЕК...

Қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні назардан тыс қалмайтын азаматтар, қалған уақытта да елеусіз қалмайды.
Оның дәлелі жуырда аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тыныштыбай Шалабаев жеті асудың бел ортасы 75 жасқа толған Жұмағали Нұрмағамбетовты құттықтап барды. Алдымен аудан басшысы хал-жағдайын білісіп, құттықтауын жеткізді. Сый-сыяпатын табыс етті.
Жұмағали Нұрмағамбетов — Ақшатау елді мекенінің тұрғыны. Туғаннан тілі жоқ, құлағы да естімейді, бірінші топтағы мүгедек. Оған қоса «Көтере алмасаң, қосып арқала» демекші екі жылдан бері көзі мүлдем көрмей қалса, енді аяқ-қолы ауырып, жүріп-тұрудан қалған.
Жұмекеңнің қатар құрбылары мен ауылдастарының айтуларына қарағанда, жас кезінде ірі денелі, келбетті, қайратты, еңбекке деген құлшынысы өте жоғары болған. Кеңес өкіметі кезінде совхоздың қандай шаруасына болса да, белсене қатынасып, жоғары еңбек көрсеткішіне жетіп отырғаны туралы мақтау қағаздары мен Алғыс хаттары куә болатындай. Сол мезгілдегі жазғы, күзгі қой қырқу жұмысына белсене қатынасып, Ақтөбе облысы бойынша өткізілген қой қырқудан өткізілген жарыста жүлделі екінші орынға ие болған. Ол өте кішіпейіл, адамдарға деген қолқабысы мол қара күштің иесі дегендей еді.
«Ауданда бүгінгі күні 443 мүгедектігі бар адамдар есепте тұр, олардың 46- бірінші топта, екінші топта — 94 адам. Ал, үшінші топта — 90 адам. Шындығында ешкім қиын тағдырға кезігемін деп тілемейді. Алайда, ешкім өз тағдырынан қашып құтыла алмайды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында Ойыл мүгедектерді қолдау орталығында Оңтүстік Кореядан шыққан Hyra- Бест массаж керуеті, Ресейде шығарылған төрт жағдайда аяқ уқалайтын аппараты аудандағы барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетеді. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмауы қатаң ескеріліп, бұл бағытта нақты шаралар белгіленіп, оның жүзеге асырылып келе жатқандығы. Жалпы адам баласы қаншалықты бір біріне мейірбан, қамқор болса, олда қоғамның ізгіліне түсуіне қосқан үлесі, азаматтық борышын орындау бағытындағы игі қадамы деп ескеруге болады -, дейді аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тыныштыбай Шалабаев.
Осындай адал шынайы еңбектің елеусіз қалмайтынын ескерген Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев 75-ке толып отырған Жұмағали ақсақалдың жанұясына емен-жарқын әңгімелесіп, шынайы ризашылығын білдірді.

Басқа жаңалықтар