ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

“НАУРЫЗ-ДУМАН, НАУРЫЗ-ШАТТЫҚ МЕРЕКЕ”

Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні.
Бұл күн елімізде жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді дене шынықтыру және спорт кешенінің алаңында Ы.Алтынсарин, Асан қайғы жырау, Еркінов көшелерінің тұрғындары мен Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі “Наурыз-Думан, Наурыз-шаттық мереке” атты көше Наурыз мерекесі өтті. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын, бейбітшілік, жақсылық, амандық және табыс тіледі.
Ал, спорт мектебінің қызметкерлері келушілерді арнайы дайындалған бауырсақ, наурыз көже, ыстық шаймен қарсы алса, балалар қазақтың ұлттық спорты ләңгі тебу, көкпар, қол күрес, бала палуан сынды ойындардан бақ сынасып жатты.
Жолмырзаев көшесінің бойындағы аллеяда Екібаев, Жолмырзаев, Дәуленов көшелері, “Асанәлі” бөбекжай балабақшасы, аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлері мен кәсіпкерлердің бірігуімен “Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз” мейрамын тойлады.
Онда ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашып, ұлттық киім үлгілері, ұлттық тағамдар, қазақтың ұлттық салт дәстүрлерінен көріністер мереке шырайын одан әрі аша түсті.
“Алтын той, “Күміс той” иелері Наурыз тойына арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді.
Олар ақ тілегін білдіріп, еліміздің амандығын тіледі.

Басқа жаңалықтар