Әлеумет

Ауданда азық-түлік қоры жеткілікті, баға тұрақты

Жуырда Ойыл аудандық мәслихат депутаттарынан құрылған арнайы мониторингтік топ "Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалымен бірлесіп короновирус пандемиясына қатысты өңірдегі қалыптасқан ерекше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағалардың тұрақтылығын бақылау мақсатында сауда орындарын аралады.

Аудан тұрғындарын азық- түлікпен қамтемелеп отырған кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныс- пікірлерін тыңдады. Қазіргі жағдайды түсіністікпен қарап, елге жеңілдік жасап жатқан сауда иелеріне түсінік жұмыстарын жүргізіп, депутаттар тарапынан жан-жақты қолдау көрсететіндігін айтты.
Мәселен, осындай кәсіпкерлердің бірі Күлжамал Әліп аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендерге қажетті азық- түлікті жеткізіп беріп отырса, жаңадан ашылған «Sapa» дүкені әр жұма сайын тегін ыстық нан үлестіріп отыр.
Сондай-ақ, мониторингтік топ аудан тұрғындарын жергілікті балғын көкөніс өнімдерімен қамтемелеп отырған жылыжай кешеніне бас сұғып, ондағы өсіріліп жатқан көкөніс түрлері мен халыққа ұсынып отырған бағасына назар аударды.

Басқа жаңалықтар