ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«Іскер әйелдер кеңесі»

Ізбасарларын тартуды көздейді

Аудан көлемінде қолынан іс келетін қыз-келіншектерді анағұрлым кәсіп саласына тартып, тәжірибемен бөлісу Ойыл ауданындағы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының жанынан құрылған “Іскер әйелдер кеңесінің” басты ұстанымы. Жуырда осы кеңестің жаңа құрамы жасақталып, биылғы жылдың жоспарын нақтылады.
Тұрғылықты жердегі кәсіпкерлікті дамытып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикасының артуына үлес қоссақ дейміз. Бүгінде кеңестің жылдық жоспары құрылып, кәсіпкерлік бағыт бойынша жұмыс бастап жатырмыз. Алдағы уақытта нәтижелі жұмыс жасап, кеңестің қолдауымен кәсібін бастаймын деген нәзік жандыларға қол көмегімізді аямаймыз. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы ықпал жасап, көмектесуге әзірміз», – дейді іскер әйелдер кеңесінің жаңа төрайымы Әсима Шамаева.Аудандағы “Іскер әйелдер кеңесінің” жаңа құрамымен кездескен жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Жасұлан Ержанов мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларды ұтымды пайдаланып, қыз-келіншектердің өңдеу кәсібіне ден қою керектігін тілге тиек етті.

Басқа жаңалықтар