Әлеумет
«ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР» ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ
12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай, «Жаңа белестегі жастар» атты жас кәсіпкерлер форумы өтті. Форумға ауданның жас кәсіпкерлері, белсенді жастары, барлық ауылдық округтің жастары қатысты.
«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында өткен форумда алдымен «Ауыл аманаты» жобасының жас қатысушыларының өнімдері мен жас кәсіпкерлердің өнім — бұйымдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде қолөнер шеберлерінің әртүрлі заттардан жасаған туындылары өзіндік ерекшелігімен көз тартты.
Форумда жас кәсіпкерлерге аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табысталды. Ал көктемгі су тасқыны кезінде белсенділік танытқан жастарға Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов пен Ойыл аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің алғыс хаты табысталды.
Біздің елімізде жас кәсіпкерлерге әрдайым көңіл бөлініп, істеріне қолдау жасалады. Осы қолдауды сезінген жас буын қоғамдық жұмыстарға үнемі белсене атсалысып, өздерінің алған білімі мен тәжірибелерін іс жүзінде көрсетуде.
Бұл орайда аудан жастарының күнін атап өту арқылы қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастардың осы бір кәсіпкерлік бағыттағы белсенділігін арттыру көзделген. Атап кетсек, форум аясында 40 жас ынталандырылып, марапатталды.