ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпЭкономика
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ТАРТУ — 33 ПӘТЕР
ОЙЫЛ АУДАНЫНДА ОСЫҒАН ДЕЙІН ДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА БІРНЕШЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ.АЛ, ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА 33 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КІЛТІ ӨЗ ИЕЛЕРІНЕ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ.
Бұл шараға аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысып, тұрғындарды көптен күткен сәттерімен құттықтады.
— Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында жаңа жыл қарсаңында жаңа үйлеріңізге ие болып отырсыздар. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да
жалғасын табады. Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын! — деді әкім өз сөзінде.
Салтанатты шара барысында жаңа пәтерлер негізінен көп балалы аналарға, мүмкіндігі
шектеулі азаматтарға және әлеуметтік осал топтарға берілді.
Жаңа қонысқа ие болған тұрғындар мемлекетке ризашылықтарын білдіріп, бұл игі істің олардың өміріне оң әсер ететініне сенім білдірді. Бұл бастама – тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды қадамдарының бірі.
Мұндай шаралар өңірде әлі де жалғасатын болады деп уәде етілді. Асқар Қазыбаев атап өткендей, әлеуметтік жобалардың нәтижесінде Ойыл ауданында тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріліп отыр. — Алдағы уақытта да әлеуметтік қолдау шаралары назардан тыс қалмайды. Әрбір отбасының жағдайын жақсарту -біздің басты міндетіміз, — деді аудан әкімі. Осылайша, Ойыл ауданында 33 отбасы жаңа жылды өз шаңырақтарында қарсы алуға мүмкіндік алып, үлкен қуанышқа кенелді