ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ҚАРАТАЛҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Бейнеу ауданында өндірілетін ұлутас карьерлері елде орын алған төтенше жағдай уақытында көмектен қалыс қалмады. Әрқайсысы 1000 дана тас тиеген 13 “Камаз” жүк көлігі, 200 дана тік төртбұрышты бөрене (шпала) жүктеген 1 “Камаз” жүк көлігі Бейнеуден Ақтөбе облысының Ойыл ауданына келді. Ш.Берсиев атындағы ауылдық округке жеткен 13 мың тас және шпал су тасқынына қарсы бөгет салуға пайдаланылады.
Сондай-ақ, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округке қарасты Қаратал ауылына Қазақстанның өнер жұлдыздары келді. Атап айтсақ, Гүлзира Айдарбек, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Роза Әлқожа, Өктем Алтаев сынды өнер жұлдыздары ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, тұрғындарға 2 жылжымалы үй мен қаржылай сертификат табыс етті. Ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, ыстық тілектерін жеткізді.

Басқа жаңалықтар