ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АМАНГЕЛДІДЕ KCELL 4G ҚОНДЫРҒЫСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ақпан айында еліміздің бірқатар облысында күн күрт суып, қарлы бұрқасын болды. Соның салдарынан жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қар құрсауында қалғандар да болды. Табиғаттың мінезі Ойылды да айналып өткен жоқ. Қалыптасқан жағдайға орай жауапты мекемелер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Рас, кейбір ауылдарда электр желілері үзілді. Байланыссыз қалған ауылдар да болды. Сол уақытта Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылында ұялы байланыс мұнарасы құлап қалған болатын. Кеше ауылға ұялы байланыс мұнарасы қойылып, интернет жүйесін жақсарту мақсатында Kcell 4G қондырғылары іске қосылды.

Басқа жаңалықтар