Рухани жаңғыру

ЖАҢА ӨМІР БАСТАҒАН–ЖЕЛТОҚСАН

Өткен аптаның соңында «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында ұлт тағдырына өшпес із қалдырған желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу кеші өтті. «Жаңа өмір бастаған-желтоқсан» атауымен өткен шара алдымен сол қасіретті күндерді еске салатын көріністен, жазықсыз жапа шеккен, қапылыста мерт болған өршіл өрендер рухына тағзым ретінде еске алу үнсіздігінен басталды.
Кеш куәгер аға-апалардың естеліктеріне жалғасты. Сөз кезегін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан куәгерлері Өркен Қожағалиев, Ардақ Жаңабекова, Берік Құрмашев осынау жайттарды қысқаша баяндап, толқынысты сәттерден сыр шертті. Осылайша желтоқсаншылар жас буынға тәрбиелік мәні бар ұлағатты әңгімелерін айтып, болашақ үшін жастардың тарихын ұмытпауы тиіс екенін атап өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев желтоқсан оқиғасының мән-маңызына қысқаша тоқталып, тыңдайтын құлақ, ұғынатын жүрек болса, тәуелсіздікті, елдікті сақтау тіл мен ел-жеріңе деген шынайы сүйіспеншіліктен басталатынын тілге тиек етті. Тәуелсіздігіміздің 33 жылдық мерекесімен құттықтап, желтоқсаншыларға естелік сыйлығын табыстады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Басқа жаңалықтар