ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«ЖАН ЖЫЛУЫ»

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ КӨП ОТБАСЫНА СЫЙ ҰСЫНДЫ

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының жоспарына сәйкес «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясы бастау алды. Акцияға
Ойыл ауылдық округі, Көптоғай ауылдық округі, Сарбие ауылдық округі, Ш.Берсиев ауылдық округінің жастары өз үлестерін қосты. Бұл акция барысында қарт кісілерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көмекке мұқтаж отбасыларға үй шаруасына көмек көрсетілді. Үй ауласы қардан тазартылып, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
«Жан жылуы» қайырымдылық акциясының мақсаты – жан-жақты әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы көмек түрлерін көрсету. Қарттарға, қиын жағдайға тап болған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аудан жастары тарапынан көмек қолын созу. Еріктілікті дамыту.
Алдағы уақытта қайырымдылық шарасы барлық ауылдық округтерде, Ойыл ауданының басында жалғасын табатын болады.

Басқа жаңалықтар