ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ҰЛЫ ЕРЛІК – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Өскелең ұрпақ кешегі қан майдан уақытында жаумен арпалысқан ер-азаматтарын азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, еңбекпен ұйықтап, еңбекпен оянған осынау елді егемен қылған тыл ардагерлерін естен шығармауы керек. Осы орайда 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне отан қорғаған тарихи тұлғалардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсіміне аудан орталығындағы мектептер қатысты.
Өткен апта Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевке арналған ерлік сағаты өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев арнайы қатысып, соғыстың қысылтаяң кезеңінде жігері жасымай еңбек еткен ерендеріміздің ерлігін мәңгі есте сақтау бейбіт ұрпақтың парызы екенін атап өтті. Келесі кезекте оқушылар Шығанақ Берсиевтің өмірі мен ерлігі туралы баяндаса, жиын соңы Шығанақ атамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Сонымен қатар, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздары Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Кеңес Одағының батыры Николай Оноприенкоға арналған ескерткішке жиналып, ерлікке тағзым етті. Тағылымдық шараға Ш.Берсиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Балқия Рысбаева қатысып, тәлімі мен тәрбиесі мол әңгімесін жеткізіп, жас ұрпақты бабаларымыздың ерлігіне бас июге шақырды.

Басқа жаңалықтар