Спорт

ЕЛОРДА КҮНІНЕ ТАРТУ

Өткен жексенбі күні Астана күніне орай Ойыл ауданының 35 жастан жоғары азаматтар арасында шағын футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды.
Аудандық турнирге 9 команда қатысып, теңбіл допты қарсыластың қақпасына кіргізуге асыққан командалар тартысты ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын «Көкжар» командасына бұйырса, ІІ орын «Ойыл» командасының еншісіне тиді. І орынды «Ойыл-1988» командасы жеңіп алды. Спорттық додада Ойыл командасынан Асылан Өгізбаев «Үздік шабуылшы» атанса, Ойыл-1988 командасынан Жандос Құлжанов «Үздік қорғаушы» деп танылды. Көкжарлық Алтынбек Дошаев «Үздік қақпашы» атанды. Астана күніне арналған шағын футболдан аудандық турнирде топ жарған командаларға естелік сыйлықтар мен арнайы медальдар, грамоталар табысталды.

Басқа жаңалықтар