ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН»

ТЕРЕҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ ЖАҒЫНАН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ САН АЛУАН, САЯСИ, РУХАНИ ТҰРҒЫДАН АЙРЫҚША ҚҰНДЫ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР КӨПТЕП ӨТКІЗІЛІП ЖАТҚАН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДЕ АРАҒА ЖЫЛДАР САЛЫП, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҰЛЫТАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ҰСЫНЫСЫМЕН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ РЕТІНДЕ МӘРТЕБЕЛІ ОРНЫНА ҚАЙТА ҚОНҒАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. ӨТКЕН АПТАДА АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ 25 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ.

«Мәңгілік жаса, қыран елім — Қазақстан» атты тақырыпты басты ұран еткен салтанатта аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев жұртшылықты айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады. ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хатымен 25 педагог марапатталса, «Аманат» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұловтың алғыс хатымен Райгүл Елеусінова, облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанның Құрмет грамотасымен аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Есенгелді Бегалин, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айдана Саркенаева марапатталды.
Ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосып, тынымсыз еңбектерімен ерекшеленген, өз қызметтерінде ерекше көзге түскен қызметкерлер аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Саян Сүлейменовтың алғыс хатына ие болды. Мерекелік шарада марапат одан әрі жалғасын тапты.
«Панфилов Иван Васильевич Кеңес Одағының батыры» естелік мерейтойлық төсбелгісімен Ш.Берсиев атындағы орта мектебінің бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушы Едіге Оразғалиев, «Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы» мерейтойлық төсбелгісімен Ш.Бекмұхамбетова мектеп-гимназиясының бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушы Нұрболат Тілегенов наградталды.
Айтулы шара әрі қарай аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Басқа жаңалықтар