Әлеумет

«ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫ НЕГЕ КЕШЕУІЛДЕП ЖАТЫР?

“Amanat” партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналиннің төрағалық етуімен Ойыл аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының Ойыл ауданында жүзеге асырылу барысы туралы партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жиеналин Партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасындағы көрсеткіштердің аудан деңгейінде орындалу барысы туралы айтып өтті.
Жол картасында Ойыл ауданына қатысты 41 тармақ атқару міндеттері қарастырылған болса, оның ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша барлығы 9 тармағы орындалған немесе 21,9%. Қалған көрсеткіштер орындалу сатысында.
Партия филиалының атқарушы хатшысы халықтың өтініш-тілегінен құралған бұл құжаттың маңыздылығын ескерте отырып, көрсеткіштердің динамикасын арттыруда мемлекеттік мекеме басшыларының және депутаттардың жауапкершілігін күшейту керектігін атап өтті. Өз кезегінде аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин Жол картасындағы көрсеткіштердің маңыздылығына тоқтала отырып, қатысты жекелеген мекеме басшыларына сауалын қойды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге қатысты көктемгі су тасқының зардаптарын жою мақсатында алынып жатқан шаралар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Н.Тұрғамбеков баяндап өтті.
Бұл тағдыршешті мәселе аясында да кейбір тұстарында шымыр шешімдердің қажет екендігі айтылып, халықтың көкейінде жүрген сауалдарды депутаттар жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізді.
Жиын соңында ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес қаулы қабылданды.

Басқа жаңалықтар