Рухани жаңғыру

ЖАҒАЛАУДАҒЫ РАНДЕВУ

“Жақсымен бірге өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен ғұмырындай “ демекші, ортамызда жүрген аға буынның жүріп өткен еңбек жолы әрбір жас маман үшін өнегеге толы тағылым. Кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір және ісіннен айқын көрініп тұратын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа, еліне берер пайдасы туралы дәріптеу
мақсатында \“Шұғыла” мәдениет және демалыс орталығының ұйымдастыруымен табиғат аясында қоғамның алдыңғы аға буын өкілдері мен жаңашыл жастар арасында кездесу өтті. Шараға ұзақ жылдар білім, ішкі істер саласында қызмет еткен ардагерлер аудандық кәсіби емес медиатор М.Ғаббасова, ардагерлер клубының мүшесі А.Алтыбаев шақырылып, аудандағы “Жастар тәжірибесі” бағдарламасымен жұмыс жасап жүрген жастар мен “Жасыл ел” отряды қатысты.

Басқа жаңалықтар