Әлеумет

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Барша қазақстандықтар тамыз айының үшінші жексенбісінде спорт күнін атап өтеді. Бұл қазақ спортына деген ерекше құрмет пен қолдаудың белгісі.

Елімізде әр қазақстандықтардың дене шынықтыру мен спортпен айналысуына барлық жағдай жасақталуда. Жыл сайын біздің өміріміздегі спорттың рөлі ұдайы артып келеді. Миллиондаған қазақстандықтар үшін спортпен шұғылдану — тек жеңістер мен рекордтар ғана емес, ол денсаулықты сақтаудың қайнар көзіне айналып отыр.
Осыған орай, ауданымызда да бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл спортшыларының жетістіктерін көтеру мақсатында көптеген спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді.
Өткен жұма күні ауданымызда спорт мерекесіне орай «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы орталық саябақта «ДЕНІ САУ ҰРПАҚ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» атты спорт күні кәсіби мерекесі аталып өтілді.
Мерекелік шара шерумен басталды. Аудан әкімі А.Қазыбаев спорт күні кәсіби мерекесімен барша спорт жанашырларын құттықтап, ауданымызда спортқа ден қойған адамдар саны жылдан жылға арта түсуін, олар Республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де, мақтанарлық нәтижелерге жетіп жатқанын, жасөспірімдердің де спортқа ден қоюы көңіл қуантатын баса айтты. Сонымен қатар мерекемен аудан тұрғындарын спорт ардагері Ж.Убниямов және халықаралық дәрежедегі спорт шебері, гір спортынан әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері А.Балтабаев сөз сөйлеп, құттықтады.
Спорт кәсіби мерекесіне орай бұқаралық спорттың дамуына зор үлес қосқаны үшін Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Е.Гончаровтың алғыс хаты табысталып, бірқатар спорт ардагерлері, үздік спортшылар мен ауданның спорт саласын дамытуда еңбек етіп жүрген азаматтар марапатталды.
Кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Басқа жаңалықтар