Әлеумет
Сауатты тұтынушы болудың ұтымды жолы қандай?
Ойыл ауданы білім саласының қызметкерлерімен тұтынушы құқығының қорғалуындағы азаматтардың сауаттылығын арттыруға арналған «online» семинар өтті.
Бүгінгі күнде тұтынушылардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылуы салдарынан азаматтарға материалдық, моральдық немесе басқа да зиян келтіру жағдайлары орын алуда. Басты себептерінің бірі-тұтынушының өз құқығын Заң жүзінде білмеуі. Соңғы әлеуметтік зерттеу жұмыстары барысында, сауалнама қатысқан респонденттердің 87%-ы тұтынушы ретінде заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылғанын атап өткен, сонымен бірге 29% тұтынушының құқығы жылына 7 реттен артық бұзылған.
Осы мақсатта, облыста 2020 жылдың 11 маусымда Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсынысымен Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев тұтынушыларының сауаттылығын жоғарылатудың өзекті мәселесіне қолдау білдіріп, Ойыл ауданының білім саласы қызметкерлерімен семинар ұйымдастыруға белсенділік танытты. Аталған бағыттағы қолдау шаралары, Ойыл ауданының білім саласы қызметкерлерінің тұтынушылық сауаттылығын жоғарылатып, одан әрі сала қызметкерлері аудан азаматтарының сауаттылығын көтеруге бағытталған Ойыл ауданының іс-шаралар кешені әзірленіп, тиісті мақсатты жұмыстар атқарылатыны күтілуде.
«Оnline» семинар — «Тұтынушылар өз құқықтарын қалай қорғайды? Сауатты тұтынушы болудың ұтымды жолы» тақырыбына арналды.
Тұтынушының мәдениетін жаңа деңгейге көтеру, азаматтар назарын тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ашық жүйесіне бағыттау. Тұтынушы құқығының қорғалуы жүйесінде азаматтардың сауаттылығын жоғарылату, аудан тұтынушыларының туындағын сұрақтарына заңды кеңес беру мүмкіндігін қамтамасыз етуді мақсат тұтқан семинарда департамент қызметкерлері Гулзада Алматбаева, Қасымхан Жалтырбаев тұтынушы құқығын қорғау туралы жалпы ұғым, тұтынушы құқығы мен заңды мүдделерінің қорғалуы, қоғамда тұтынушылардың жиі кездесетін сұрақтары мен оның заңды шешімі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, семинар барысында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы аясында, «Сатып алған тұтынушының тауарды ауыстыру немесе кері қайтару құқығы», «Кепілдік мерзімі белгіленген тауарларға қатысты тұтынушының құқығы», «Тұтынушы тауардың кемшілігін тапқан жағдайда сатушы мен тұтынушы арасындағы дауларды шешудегі тұтынушының құқығы», «Құқығы бұзылған тұтынушы қайда хабарласу керек?» сұрақтары талқыланды. Дайындалған тұтынушы құқығына қатысты бейне-роликтер көрсетілді.
Осы орайда, Білім саласы қызметкерлерінің халықты тұтынушылық құқықтарын жоғарылатуға өз үлестерін қосып, өңір азаматтарының тұтынушылық құқықтарын жоғарылатуға өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.
Қосымша ақпараттарды Департаменттен 54-81-20 телефоны арқылы алуға болады.