ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Өткен апта ауданға Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облсы бойынша департаментінің бас маманы Таңатар Нұғыметов іссапармен келді.

Аудан әкімдігінде өткен кездесуге мекеме басшылары мен мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округ әкімдері қатысты. Кездесуге төрағалық еткен Ойыл ауданының әкімі аппаратының басшысы Ербол Тілепов келген қонақтармен таныстырып, еркін сұхбат құруға шақырды. Әдеп жөніндегі уәкіл жұмыс және жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекетін реттейтін нормаларға, мемлекеттік қызметке қабылданарда қойылатын шектеулерге және де әлеуметтік желі де парақша жүргізу бойынша әдептерді нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілермен әдептілік қағидаттары бұзылуының және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстарға, ұжымдық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеруге бағытталған жұмыстарға аса көңіл бөлу жөнінде ұсыныстар берілді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Басқа жаңалықтар