Әлеумет
ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Өткен аптада Ойыл ауданы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция отырысы болып өтті.
Фракция отырысының күн тәртібіне сәйкес «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының Ойыл ауданында жүзеге асырылу барысы туралы аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың есебі және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және халық арасында насихаттау туралы партия филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин Жолдаудың экономикалық бағытына тоқталып өтсе, депутаттық фракция жетекшісі Жангүл Ізғаринаның баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ халыққа қоғамдық негізде депутаттық міндеттерін атқарып жүрген жастар марапатталды.
Төтенше жағдай кезінде Халыққа қалтқысыз қызмет еткен жас депутаттар Дастан Аманғосұлы, Өркен Ақеділов, Сайран Саматұлы облыстық жастар басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетовтың алғыс хатымен марапатталды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Жолдауда берілген басым бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы әрі нәтижелі жұмыс атқаруға шақырды.