Экономика

ЕЛІМІЗДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ҚУАТ КӨЗДЕРІ ҚАЖЕТ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші бағытында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттілігін басты назарда екендігін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстардың бірі — энергия өндіретін жаңа нысандар салу арқылы энергия тапшылығын азайту, тұтынушыларға арналған тарифтың орынсыз өсуіне жол бермеу. Сонымен қатар, мемлекет басшысы бізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері қажет екендігіне баса назар аударып, еліміздің энергия сұранысын қанағаттандыра алатын атом энергиясы керек екендігін айтты. Ал, мемлекет өміріндегі әрбір маңызды мәселелер халықтың келісімімен жасалуға тиіс. Осыған байланысты президент АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумды 6 қазанға белгіледі.
Бисекенова Гүлнара
«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының
мәдени ұйымдастырушысы

Басқа жаңалықтар