Рухани жаңғыруСұхбат
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ОПЕРАТОРЛАР ДАЯРЛАНДЫ
Қазақстан Республикасы еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қысқа мерзімді операторларды оқыту жүргізілді. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту аясында Ойыл ауданы бойынша 12 азамат «QazServiceGroup» ЖШС оқыту орталығы арқылы 2 ай мерзімге оқытылып, тағайындалған шәкіртақыларын алып отырды.
Өткен аптада оқу курсы аяқталып арнайы тест тапсыру арқылы оқуды тәмәмдаған 12 азаматқа от жағушы куәліктері тапсырылды. Осы аталған азаматтар алған мамандықтары бойынша жұмысқа жолдама алды.