БілімМәдениетРухани жаңғыру
Жаңа кітаптың деректердің «қоймасы»
2019 жылы «Ойыл. Архивтегі тарих» жинағының I томы жарыққа шықты. Бұл кітапта өңіріміздің көне дәуірден 1917 жылға дейінгі бірнеше ғасырлық тарихы қамтылған болатын.
Ал таныстырылымы өткен жинақтың II томы 1918 жылдан-1940 жылдар аралығын қамтып отыр. Өңіріміз үшін бұл таныстырылым рухани мереке десек те болады. Нұрлан Жұмағалиев және Олег Ярошенко бірлесіп шығарған жинақта өңіріміздің тарихы жайлы тың деректер мұрағаттардағы құжаттармен нақтыланған.
Таныстырылым барысында автор ауданымыздың бұрын бізге белгісіз болып келген құжаттар мен фотосуреттердің тарихына тоқталды. Жинақтың ауқымы ауданымыздың тарихы тереңде екеніне тағы бір дәлел. Оқырманға нақты құжаттар мен бірге фотосуреттер де ұсынылып отыр. Шара барысында қолдау білдіре келген зиялы қауым өкілдері жинаққа кеңінен тоқталды. Жинақтың басты артықшылықтары аудан тарихындағы біз білмейтін жаңа деректер және өңіріміздің сол кездегі өмірі болып отыр.
Шара барысында сөз алған тарих ғылымдарының докторы Ұзақбай Шаукерұлы мұрағаттардан құжат жинаудың қиындықтарын атап өтіп, автор атқарған орасан зор еңбекті жоғары бағалады. Шара соңында оқырман қауым Нұрлан Нұрымжанұлына сұрақтарын қойып, лебіздерін білдірді. Салтанатты кеште сөз алған аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы естелік сыйлығын табыстап, жинақты одан әрі жалғастыруға қолдау білдіретінін жеткізді.