Мәдениет

Өнерлі балалар жеңісі

Жуырда облыстық  «Я Талант» республикалық байқауында ауданның талантты балалары бірнеше жүлделі орындарды жеңіп алып, аудан мерейін үстем етті. Байқауда аудандық музыка мектебінің оқушылары топ жарды. Тарқатып айтсақ, жас ерекшелігі бойынша талантты оқушылар ән, хореография, қобыз-домбыра номинациялары бойынша бақ сынады.

Домбыра класы бойынша Алина Ернияз бас жүлдені жеңіп алса, Ақбөкен Асхатқызы, Инабат Шерниязова жүлделі І орынды иемденді. Сонымен қатар ән сайысы бойынша Нұрсезім Кеңес «Бас жүлде» алса, «Әдемі ай» тобы «Қазақстан – егемен елім» әнін орындап І-орынға ие болды. Қобыз номинациясы бойынша Дана Антонқызы І орын, Аяулым Мақсотқызы, Құндызай Ғалымқызы ІІ орынды иеленді. Ал, домбыра номинациясы бойынша «Үкілі домбыра» ансамблі халық күйі «Келіншекті» орындап І орынды жеңіп алды.

Осы сәтте оқушыларды өнерге баулыған жетекшілері Мұратхан Таңатарұлы, Бұлбұл Шәутенова, Назгүл Төрешоваларды шәкірттерінің жеңістерімен құттықтаймыз.

Басқа жаңалықтар