ӘлеуметРухани жаңғыруСпорт

Диас Амангелді — Қазақстанның екі дүркін чемпионы

Күзгі каникул кезінде Павлодар қаласында 2012-2013 жылғы жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Еліміздің былтырғы жылғы чемпионы ретінде қатысқан Ақтөбе облысының құрамасы бұл жарыстың басты «фавориті» еді.
Ақтөбелік жас волейболшылар өздеріне артылған үмітті биыл тағы ақтады. Ақтық сында алаң иелері Павлодар облысының құрамасын жеңіп кетті.
Ақтөбе облысының құрамасы сапында жерлесіміз Диас Амангелді биыл да белсенділік танытып, өзінің кәсіби шеберлігі мен ерік-жігерін көрсетті.
«Әке көрген оқ жонар» демекші, жасынан допты «жастанып» өскен бала бірден ойылдықтардың «сүйікті» спортын серік етті. Сөйтіп, үйден-ақ әкенің тәлімін терген ұлдың волейболға икемділігі қалыптасты.
Көп кешікпей ауданда көзге түскен баланың жетістіктері облысқа да жетті. Бүгінде әкенің еңбегі ақтала бастады. Екі дүркін Қазақстан чемпионы болған облыс құрамасының жеңісінде Диастың да, Нұрлыжанның да сүбелі үлесі бар.

Басқа жаңалықтар