ӘлеуметБасты тақырып

Кең әлемге аты аңыз…

Шығанақтай атамыздың құрметіне арналған ескерткіш 1- Желтоқсан тұңғыш Президент күні мерекесіне орай селоның орталық көшелерінің бірінде ашылды. Бұл шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен үндесті. Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан басшылары, мекемелер ұжымы, сондай-ақ студенттер мен оқушылар және тұрғындар қатысты.

 

 

Диқан бабамыздың құрметіне арналған салтанатты шараның ашылу рәсімінде ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Ғазиз Займолда сөз сөйлеп, Шығанақ Берсиев атындағы мектеп ашуды ұйымдастыру керектігін, оның есімі мәңгілік ұмытылмайтыны жөнінде тұщымды әңгіме қозғады. Еңбектің шыңын бағындырған атаның ескерткішіне тағызм етіп, гүл шоқтарын қойғаннан соң аудан әкімі Дастан Сағыров бұл игілікті істің жүзеге асқаны туралы айтты.

«Құрметті жерлестер!  Бүгін тағы бір үлкен істің куәсі болып отырмыз. Ойыл шағын болғанымен аты шыққан тұлғаларымыз жетерлік. Біз осындай мақтаныштарымызды әрдайым қастерлеп, үлгі алуымыз керек. Ескерткіштің жұмыстарына, айналасын абаттандыру, жарықтандыруға  қаржылай қолдау көрсетіп, атсалысқан өзіміздің кәсіпкерлеріміз бен ұлдарымыз. Бұған аудан бюджетінен бір тиында шыққан жоқ. Бәрі де ауызбіршіліктің, ел азаматтарының туған жерге деген сүйіспеншілігі арқылы жастарға ой салатын іс» деді.

Ескерткішті жергілікті суретші Мұрат Бақтыгереев жасап шықты. Бір ерекшелігі мемлекет басшысының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының ізі негізінде ескерткішке QR-код орнатылды. Бұл кодтты ұялы телефонмен сканерлеп, жүктеу арқылы кез-келген адам даңқты тарышы жайлы барлық мәліметті үш тілде ала алады.

С.НАРЕГЕЕВ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар