ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ОТАР ҚЛИПАНОВҚА БЮСТ ҚОЙЫЛДЫ

ОЙЫЛ АУДАНЫНДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, ЕКІ МӘРТЕ «ҚЫЗЫЛ ТУ» ЕҢБЕК ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ, ҰЗАҚ ЖЫЛ БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП, АУДАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА АЙТАРЛЫҚТАЙ ҮЛЕС ҚОСҚАН ОТАР ҚЛИПАНОВҚА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ-БЮСТ ҚОЙЫЛДЫ.

Сонымен қатар аудан орталығында құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі тұрған қонақүй мен мейрамхана, кафе және тағы басқа да қызмет көрсету орындары «Отар Қлипанов кешені» деп аталмақ. Кешеннің құрылысы меноның ауласындағы Отар Қлипановтың бюстін С.Бәйішев университетінің кеңесшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Бекежан Ахан өз қаржысына салдырды.Өткен жексенбіде бюсттің ашылу салтанатында аудандық ақасқалдар кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов бастаған аудан ақсақалдары, Қлипановтың зайыбы Шайзада Қлипанова мен ұрпақтары және аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин мен Ойыл селолық округінің әкімі Артур Аманғосов қатысты.- Бұдан 5-6 жыл бұрын аудан орталығынан жер алып, қызмет көрсету нысандарының құрылысын бастаған болатынмын. Алдымен автобекет салдық. Бұл сол кездегі қажетті нысандардың бірі еді. Одан кейін қонақүйдің құрылысын бастадым. Өйткені ауданда қонақүй жоқ болатын. Кешендегі 300 орындық мейрамхана мен кафе қызмет көрсететін болады. Өткен жылдардағы пандемияға байланысты құрылыс жұмыстары кешеуілдеп қалған болатын. Қазіргі таңда қонақүйдің құрылысы аяқталып, адам қабылдауға дайын.
Мен бұл жерді «Отар Қлипанов кешені» деп атадым. Көзі тірісінде оның жақсылығын көргендер көп. Осындай адамдар кейде еленбей, ұмыт қалып жатады. Еңбек майданының батыры Отар Қлипановты ойылдық әрбір бала біліп-танып, үлгі тұтып өсуі керек. Алда туғанына 100 жыл толуына орай іс-шара өткізбекпіз. Аты өшпесін деген мақсатта тартуымды, сый-құрметімді осылай білдірдім, — деді Бекежан Ахан.
Отар Қлипановтың көзін көрген ойылдық үлкендер ол туралы естеліктермен бөлісіп, ауданда шағын және ортабизнестің дамуына үлес қосып, қызмет көрсету нысандарын салып, оны жергілікті тұлғаның атымен атаған Бекежан Аханға алғыстарын жаудырды. Екі қабатты қонақүйдің бірінші қабатында ойылдық балаларға арналған бірнеше бөлме жасақтау көзделген. Оқушыларға арналған барлық пәннен курстар, қосымша сабақтар жүргізіледі. Болашақта жас аналар үшін уақытша бірнеше сағатқа баласын тастайтын алаң іске қосылмақ.
Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар