Білім

АЛҒАШ АШЫЛҒАН IT СЫНЫБЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК БЕРМЕК

Ойыл ауданында  алғаш рет Ойыл қазақ орта мектебінде IT-сыныбы ашылды. Оқушылардың бұл қуанышқа ортақтаса келген аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлымен бірге «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин жаңа технологияның еркешеліктерімен танысты.

Айта кетсек IT-сыныбында  3D принтері бар екен. Яғни, бұл принтерге бала өзінің ойлап тапқан дүниесін суретпен  жіберіп, оны пластик түрінде пайдалана алады. Білім ордасында осындай сыныптың ашылуы оқып жатқан оқушылар үшін таптырмас мүмкіндіктің біріне айналды десек те болады. Заманауи тұрғыда жабдықталған кабинет іші көз тартады. Әзірше мұндай кабинет ауданда бір ғана мектепте бар. Бірақ, аудан бойынша ауыл-аймақтардың да оқушылары келіп, бұл технологиямен танысып үйренуге мүмкіндіктері бар. Жаң технологиялардың мүмкіндіктерімен аудандық білім бөлімінің басшысы Ербол Тілепов таныстырды.

ІТ сыныптың жабдықтарын алуға облыстық бюджеттен 3 600 мың теңге бөлінсе, кабинеттің ішін жасақтап, матеиалдық қамту үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1 млн теңге қаржы бөлінген. Жаңа технологиямен алдағы уақытта өз жобаларын дайындауға құлшынып отырған оқушылар да жетерлік. Соның ішінде робот жобасын іске асырушылар да бар.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

 

 

Басқа жаңалықтар