БілімМәдениет

Әлихан Ақтөбенің «Бала биі»

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалық бағдарламаларын, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Бала би- 2020» атты балалардың онлайн шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» жас үміткерлер, бабаларымыздан қалған шешендік ой-толғаулар мен өсиет сөздерді нақышына келтіре жаңғыртуға талаптанған болатын.
Байқауға облыс аймағындағы 7 ауданнан үміткер қатынасты. Нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен, барлық талапқа сай деп танылған Ойыл ауданы, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп- гимназиясының 6 класс оқушысы Балтабай Әлихан Айбекұлы «Бала би -2020» атағына және «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ- нің арнайы сыйлығына ие болды. Ұлттық нақышта кейінген Әлихан Бала бидің шешендік сөздерін мәнеріне келтіріп оқыды. «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» демекші, Әлихан Айбекұлының өнерін айрықша бағалаған әділқазылар оны «Бала би-2020» атағына лайық деп бірауыздан құптады. Ендеше Әлиханға жастайынан ел мен жер дауына араласып халық арасында «Бала би» атанған Бименбеттің зеректігін берсін дейміз!

Басқа жаңалықтар