Білім
Кәсіподақтан 30 жолдама
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай, ұстаздарды ұлықтау жалғасып жатыр. Ойыл ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы жыл қорытындысына орай мұғалімдерді марапаттады.
Жыл бойы жұмыста озат болып, үздік нәтижелерге қол жеткізген педагогтарға алғыс хат табыстап, құрметке бөлеп, шипажайға жолдама табыстады. Арасында еңбек өтілі 40 жылдан асқан тәжірибелі, ұлағатты ұстаздар да, жанып тұрған жастар да бар. «Биылғы оқу жылы ұстаздар қауымына өте қиын жыл болды, сондықтан келесі оқу жылына демалып, ем алып жаңа күш жинап келулеріңізге тілектеспіз!», — деді марапаттау сәтінде аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Избагамбетова.