Әлеумет

Ойылға 5 мың балық жіберілді

Атамыз «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» - дейді. Әрине, өзекті талдырмай, жалғайтын өзеннің негізгі өнімі – балық. Бір кездері «балығы тайдай тулаған» Ойыл соңғы кездері уақытта көктемде арнасы толғанымен, жазда үзіле жаздап, әзірге үмітті жалғап жүр.

Судың азаюы мен заңсыз балық аулаушылардың көбеюі өзеннің негізгі өнімінің көлемін азайтты. Сондықтан, соңғы жылдары өзенге арнайы тәлімбақтарда өсірілген шабақтарды өзенге жіберу арқылы орныны толтыру жұмыстары қолға алынып жүр. Жуырда тағы да сондай бірі шара өтті. Облыста балық шаруашылығын дамытуды көздеген Ақтөбе облыстық аңшылар мен балықшылардың қоғамдық бірлестігі өздеріне бекітілген су қоймаларына шабақтарды жіберді. Өйткені, осы бағытта 89 мың тұқы тұқымдас балықтардың шабақтары сатып алынған. Әуелгіде 3000 шабақ жіберу көзделгенімен, кейін Ойылдың айдынына 5 мың шабақ жіберілді. Сонымен қатар, Саралжынның тұсынан Қиыл өзеніне шабақтардың 4 мың данасы жіберілді, — дейді Ақтөбе облыстық аңшылар мен балықшылардың қоғамдық бірлестігінің Ойыл ауданындағы қорықшысы Еркін Медетов.

Басқа жаңалықтар