Басты тақырыпДенсаулық

Ойыл аудандық орталық аруxанасы Облыстың үздік бастауыш партия ұйымы

 

 

 

Жыл сайын «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының арасында дәстүрлі байқау ұйымдастырады. Байқаудың мақсаты — жергілікті жердегі бастауыш партия ұйымдарының жұмысын қорытындылау, қызығушылығын күшейту және қызмет сапасын арттыру болып  табылады.Ал біздің ауданымызда 30 бастауыш партия ұйымы болған еді. Осылардың ішінен 12-сі «Үздік бастауыш партия ұйымы» конкурсына қатысуға өтініш білдірген болатын. Аудандық деңгейдегі бастауыш партия ұйымының жұмысы іріктеліп облысқа ұсынылды. Барлық талаптардан мүдірмей өткен аудандық орталық аурухана бастауыш партия ұйымы барлық аудандардың арасынан көш бастап, комиссияның шешімімен облыстық деңгейдегі байқаудың  жеңімпазы атанды. «Үздік бастауыш партия ұйымы» Республикалық конкурсының Ақтөбе облыстық кезеңінде «Ойыл аудандық орталық аруxана» бастауыш партия ұйымы 100-ге жуық мүшесі бар ұйым категориясы бойынша І орынды иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. Марапатты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық ХХV есептік сайлау конференциясында табыстады.

Басқа жаңалықтар