Білім

Жылдың үздік 3 ұстазы

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, танымал тұлғалар, сала мамандары, қызметкерлер түрлі құрметке ие болды. Мұндай мерейлі мәртебелерден біздің ойылдық ұстаздар да құр қалмады. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай республикадағы білім қызметкерлері арасында «Жылдың үздік ұстазы-2018» атты республикалық байқай ұйымдастырылған болатын. «Білім өркениеті» ұлттық иновациялық ғылыми зерттеу орталығы «Еңбек жолым және білім берудегі жаңаша тәсілім» тақырыбында үздік эсселер жинағын жариялады. Бұған біздің «Балдырған» бөбекжай бақшасының үш қызметкері өз шығармаларын ұсынды. Астана қаласындағы «Ұлы дала өркениеті» атты конференцияға қатысқан олардың мақалалары сол жинаққа енді. Сарапшылардың қорытындысы бойынша үшеуі де бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Әрқайсысы 20 жылдан астам уақыт балабақшада қызмет етіп жүрген Шара Толыбаева, Айсәуле Қалиева, Ардақ Баймановалар Зейін Әліпбектің қолынан аталмыш орталықтың директоры Әзірет Сатылғановтың арнайы дипломын алды. Бұл конференцияны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар