ӘлеуметБасты тақырып

Мал азағының бағасы қайда барады?

Жаннан бұрын малының амандығын сұрайтын қазақ үшін мал тіршіліктің тірегі. Қазыбек би «Біз қазақ әуелден деген мал баққан елміз...» - деген. Табысын бейнетімен өлшейтін біреулер ата кәсіптен қол үзіп кетті...

Дегенмен, ауыл халқының басым бөлігі мал ұстайды. Әрине, оның бағылуы басқа әңгіме. Ал, мал азығын дайындаушылардың қызметі де аспандап тұр. Рас, мынадай аптапта мал азығын дайындау оңай емес. Еңбегін жоққа шығармаймыз. Бірақ, еккен де жоқ, сепкен де жоқ. Жер ананың жаратқан ырыздығы. Жаңбыр жауды, шөп шықты. Былтырғыдай емес, шөптің шығымы бөлек. Демек, түсімі де жоғары. Оған шөп шауып жатқандарды сыртынан көріп-ақ көз жеткіздік. Қаумалардың арасы жақын. Өмір ауылда өтіп, шаруамен «көзі шыққан» адамдар «биылғы шөптің түсімі өткен жылғыдан ең кемі екі есе артық» — дейді. Былтыр шөп шабу үшін шаруалар ауылдан 60-70 шақырым ұзап кетіп еді. Биыл үйдің іргесінің өзі тізеден биік. Бірақ, баға өсіп кетті. Бір тюк шөп – 400 теңге. Оның көлемі мен салмағы жиналыс сайын жыр болып келеді. Бұл да тұрғындардың наразылығын туғызатын негізгі мәселелердің бірі. Рас, жанар-жағар май мен қосалқы бөлшектер қымбаттаған шығар. Алайда, жоғарыдағы жағдайлар бағаны өсірмей-ақ табысқа кенелуге мүмкіндік береді. Әрине, шөпке көрші облыстардан сұраныс көп. Дегенмен, ол жақтағы табыс пен аудандағы табыс көлемін де ескеру керек.
Әйтеке бидің «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін…» деп басталатын даналығы бар.

Басқа жаңалықтар