Басты тақырыпДенсаулық
Жерлесіміздің тойға тартуы – төрт адамға тегін ота!
Ойыл жұртшылығы үшін биылғы жыл айтулы жыл болып отыр. Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен қатар ауданымыздың 100 жылдығы мен ерен еңбегімен ел-жұртқа есімі мәшһүр болған ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің 140 жылдығы кең ауқымда тойлануда. Осы орайда, ауданымыздың құрметті азаматы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің нөмірі екінші хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, жерлесіміз Базылбек Жакиев атаулы шараға қонақ болып келді.
«Қолы жеңіл» жүрегі мейірімге толы жерлесіміз өз туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен туған жер алдындағы борышын халық денсаулығын жақсартуға арнап, 4 тұрғынға жоспарлы ота жасады. Нақтырақ айтсақ, 2 науқасқа лапаротомия холецистэктомия (диагноз өт тас ауруы, созылмалы тасты холецистит), 1 науқасқа сол жақты гемитиреиодэктомия ( диагноз сол жақты диффузды түйінді жемсау) бойынша дәстүрлі әдіспен жасалған ота сәтті өтті.
Отаға аурухана бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев, хирург дәрігер Бағдат Нұрдәулетұлы, хирург дәрігер Дәулет Салин, хирург Қаныш Атағалиевтер қатысты.