Басты тақырыпМәдениет

«Жастар жылының» жемісі көп!

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар – кез-келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Өткен аптада ауданда «Жастар жылының» қорытындысы ретінде Ойыл жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар жалыны» атты аудан жастарының фестивалы өтті.

«Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында өткен айтулы шараның шымылдығын аудан әкімі Асқар Қазыбаев ашып, “Жастар қоғамның қозғаушы күші. Ертеңгі елдің бек тірегі, болашақтың бастауы, еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізі. Ал, бәсекеге қабілетті болу үшін өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты өмір жолынан үлгі алып, келешекке кедергісіз жету мақсатында аянбай еңбек ете білуі керек” — деп, жастарды мерекемен құттықтады.
Аудан жастарының осы жылда жеткен жетістіктері жиылғандарға көрме арқылы таныстырылды. Би мен әнге өрілген шарада әр ауылдық округтен келген ауыл жастары өздерінің ізгі лебіздерін білдіріп, Ойыл аудандық саз мектебінің өнерпаздары әсем әндерін жолдады. Жыл қорытындысы бойынша бір топ жастарға ауданның мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан зор үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласқан жас азаматтар, түрлі салада өзінің білімімен, белсенділігімен топ жарған жастар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Г.АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар