Экономика

ЫЛҒАЛДЫ КӨКТЕМНЕН ҮМІТ МОЛ

Былтыр күзде жауған жауын-шашыннан кейін жерде ылғал мол болды. Сонымен қатар қыста да жеткілікті мөлшерде қар түсті. Қуанарлығы биыл да ылғал мол. Көптеген шаруашылықтар көктемгі егіс науқанына қызу кірісті. Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі мамандарының айтуынша, биылға диқандар 500 гектар алқапқа дәнді дақыл егу қажет. Мал азығы бойынша 1800 гектар аумақтың 500 гектарына бір жылдық, 1300 гектарына көп жылдық екпе шөп егу жоспарланған. Сондай-ақ, 100 гектарға суармалы дақылдар яғни, картоп егу көзделсе, көкөніс, бақша салуға 155 гектар межеленіп отыр. Барлығы 2 555 гектарға егіс егу керек. Тары егуге 8 тонна, көпжылдық екпе шөпке 10 тонна, бір жылдық екпе шөпке 20 тонна, барлығы 38 тонна тұқымды қажет етсе, қазіргі таңда шаруашылықтар толықтай тұқыммен қамтылып отыр.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 1100 гектар алқапқа ылғал жабу, 700 гектар алқапты көктемгі жер жырту жұмыстары жүргізіліп, 120 гектар алқапқа арпа, 145 гектарға жерге мал азығы дақылдары себілді. Көктемгі далалық жұмыстары «Тәжібай- Агро» ЖШС, «Қараой» ШҚ, «Атамекен» ШҚ,  «Ақорын» ШҚ, «Барыс» ШҚ, «Көбек» ШҚ, «Жақып» ШҚ, «Спарта» шаруашылықтарында жалғасуда. Егіске қажетті минералды тыңайтқыштар сатып алу жоспары бойынша «Спарта» ш/қ 10,0 тонна минералды тыңайтқыш сатып алды.

Шаруашылықтар бойынша көктемгі далалық жұмыстарына қажетті жеңілдетілген бағамен 184,00 теңге/ литр  108,0 тонна жанар жағар майға дизель отынын жеткізуші «Батыс –Жер» ЖШС-не сұраныс беріліп,  бүгінгі күнге 45,1 тоннасы тасып алынды, тасымал жұмыстары жалғасуда.  Бұл жерге түрен салып, дән сеуіп мол өнім күтіп отырған шаруашылықтар үшін мемлекет тарапынан беріліп жатқан үлкен қолдау-көмек болмақ.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар