Әлеумет

Бүгін елімізде Конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты республикалық референдумға дауыс беру басталды.

Бүгін елімізде Конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты республикалық референдумға дауыс беру басталды. Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінде орналасқан № 397 сайлау учаскесі өз жұмысын 07:00де бастады.
Мұнда ең алғаш дауыс берген ауыл тұрғыны, зейнеткер Шекер Қауметова болса, бала күтімінде отырған Арайлым Сағынбекова ең алғашқы жас дауыс беруші болды. Ал қарт кісілердің ішінде ең алғаш дауыс берген тыл ардагері Теңізбай Тілешов өз таңдауын жасап, дауыс берді. Жалпы, ауылда 731 сайлаушы тіркелген болса, соның 479-і сағат 13.00-ге дейін, яғни, 42% пайызы өз таңдауларын жасап үлгерді.
Барлық учаскедегідей мұнда да ең қарт сайлаушы, ең бірінші дауыс берген сайлаушы және ең жас әрі дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Басқа жаңалықтар