ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

“ТІЛ — ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ”

2018 жылы 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып белгіленді. Себебі, 5 қыркүйек – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы орайда Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай “Тіл -татулықтың тірегі” атты салтанатты шара өтті.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев көпшілікті мерекемен құттықтады. 5 қыркүйек — Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл жанашыры» номинациясымен Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі, «Достық» қызығушылық клубының мүшесі Надежда Голикова, Соркөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақзия Шегетаева, «Қазақ тілі» қоғамы Ойыл ауданы бойынша филиалы төрайымы, аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Марал Еркінова марапатталды. Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне орай, Драматург, жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына арналған аудандық “Оралхан Бөкей оқулары” байқауына қатынасып, жоғары дәрежеде өнер көрсеткен үміткерлер, «Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас» атты аудандық эссе жазу байқауына қатынасып, белсенділік танытқан үміткерлер, «Тілге құрмет – елге құрмет» атты аудандық зияткерлік ойынына қатынасқан оқу ордалары да аудан әкімінің алғыс атымен марапатталды.
Мерекелік шарада аудандық ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің қолдауымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Оралхан Бөкей- оқулары» атты аудандық байқауында Бас жүлде иегері Қараой мектеп-балабақшасының оқушысы Альбина Кеңес Оралхан Бөкейдің «Жесірлер» драмасы, сондай-ақ,ІІ орын иегері Екпетал мектеп-балабақшасының оқушысы Гүлжайнар Дабылова Оралхан Бөкейдің «Анамның астауы» прозасынан үзінді оқыса, аудандық кітапхана ұжымы “Ұлт рухының алтын қазығы — тіл” атты кітап көрмесін ұсынды.
Г.АБАЙҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар