ӘкімдікБасты тақырып

№390 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕГІ 100-ШІ ДАУЫС БЕРУШІ

Күн көтерілгеннен кейін сайлау учаскелерінің жұмысы қыза түсті. Дауыс берушілердің де қарасы көбейді. Ойыл селосындағы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде орналасқан №390 сайлау учаскесінде таңғы 9.00-де алғашқы 100-ші дауыс беруші келді. Ол еңбек ардагері – Болат Бекетаев.
Сайлау – елдігіміз сыналар сәт. Мемлекеттің басшысын сайлау болашағын сол елмен байланыстырған азамат үшін маңызды болуы тиіс. Сайлауға қатысу әркімнің азаматтық борышы деп білемін. Сондықтан, мемлекеттің ертеңі – немерелерімнің болашағы үшін бағдарламасы көңілімнен шыққан үміткерге дауысымды бердім. Мен өмірлік тәжірибеме сүйене отырып, ел президентін таңдау арқылы өз мемлекетімнің болашағына үлес қостым.
Біз әрдайым халық билігі деген оның еркін таңдау жасай алу құқығы екенін айтамыз. Сондықтан, мен де бүгін өз сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру бюллетенін толтырып, арнаулы жәшікке салып, таңдауымды жасадым.

Басқа жаңалықтар