ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпРухани жаңғыру

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ПАРЫЗ!

Бүгін ойылдықтар Ұлы Отан соғысынан оралмағандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде аудан әкімі Асқар Қазыбаев 9 мамыр мәңгілікке Ұлы Жеңіс күні ретінде қалатынын және майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің тарихи ерлігі мен батылдығы құрметке лайық екенін атап өтті. Аудан әкімі Жеңіс күнін жақындатуда әрбір қазақстандықтың баға жетпес күш-жігер танытқанын айтты. Жанкешті ерліктің арқасында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері ұрпақтарына ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлады. Тарихта шынайы патриотизмнің, қаһармандық пен өшпес батылдықтың үлгісін қалдырды, жер бетіндегі бейбіт өмір үшін жандарын пида етті.
Осынау қасиетті күні әркімнің қан кешіп опат болған, жасанған жауға тайсалмай шауып, батырлық танытқан азат етуші жауынгерлердің мұқалмас жігерінің алдында бас иетіні ақиқат.
«Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды, олардың тең жартысы майдан даласында опат болды. Зұлмат соғыс барлық отбасыларға қасірет әкелді. Ойыл ауданынан Ұлы Отан соғысына 2613 жауынгер аттанып, олардың 1635-і майдан даласында қаза тапты. Әртүрлі дене жарақатымен олардың 938-і ғана елге оралды.
Шынайы тарих ешқашан уақытқа жүгінбейді, өйткені батырлар ерлігі ешқашан өшпейді.

Басқа жаңалықтар