БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ:37 ОРЫН, 10 ЖОЛДАМА

Өткен аптада «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде көптеген азаматтар өздеріне лайықты жұмыс табу мүмкіндігіне ие болды.
Жәрмеңке аудан прокуратурасының үйлестіруімен өтіп, 37 бос жұмыс орны ұсынылды. Әртүрлі салалар бойынша мамандарға сұраныс жоғары. Жұмыс іздеушілер ұсынылған бос орындармен танысты, өздерінің кәсіби біліктілігі мен тәжірибесіне сай жұмыс табу мүмкіндігін иеленді. Нәтижесінде 8 азаматқа ресми жолдама беріліп, жұмысқа орналасу процесі басталды.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде 10 адамға еңбек нарығы туралы маңызды ақпарат ұсынылды. Түйіндеме жазу, сұхбаттан сәтті өту және жұмыс берушілердің талаптарына сай болу бойынша кеңестер берілді. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жұмыс іздеушілердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, оларға еңбек нарығына сәтті бейімделуге көмектеседі.
Іс-шараға мемлекеттік мекемелер, өндірістік кәсіпорындар және қызмет көрсету саласындағы ұйымдар қатысты. Жұмыс берушілер өз мекемелеріндегі бос жұмыс орындары, еңбек шарттары мен талаптар туралы толық ақпарат беріп, үміткерлермен әңгімелесу жүргізді.
Жұмыс орындар жәрмеңкесі — жұмыссыздық деңгейін төмендетіп қана қоймай, халықтың әл-ауқатын жақсартуға да септігін тигізеді.