АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ОҒАН ОЙЫЛДЫҢ ҮЛЕСІ ҚАНДАЙ?
Жуырда Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыс тобы Ойыл ауданындағы ауылшаруашылық құрылымдарының жетекшілері және кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев қатысты.

Алдымен сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы бүгінгі облыстағы және оның ішінде Ойыл ауданындағы шаруаларды қолдаудың көлемі мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Әсіресе, Ойыл ауданындағы суармалы егістің көлеміне көңілі толмайтынын жасырған жоқ.
Кездесуде облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев, облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділбек Қабидуллин, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Шахидолла Рахимов, ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының орынбасары Убайдолла Әуелбаев, Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Асылхан Абтиев кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістермен толықтыруларға байланысты түсінік беріп, кездесуде шаруалар көтерген несиелеу шарттарын жеңілдету, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелеу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау сұрақтары және ауыл шаруашылығының басқа да сауалдарға жауап берді. Кездесуден кейін облыстық басқарма басшылары мен қаржы институттарының мамандары шаруа қожалық басшылары мен жеке кәсіпкерлерді жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.
Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыс тобы Ойыл ауданындағы ауылшаруашылық құрылымдарының жетекшілері және кәсіпкерлерімен кездесуіне «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Ойыл аудандық филиалының директоры Жасұлан Ержанов пен аудандық кәсіпкерлік кеңестің төрағасы Серікбай Қойбағаров қатысты.
С.ХАМЗИН,
Ойыл селосы.