Әлеумет

«Демеу» әлеуметтің жобасы еріктілердің елге қызметі

«Демеу» әлеуметтік жобасы денсаулық сақтау, құқықтық және психологиялық көмек саласында халықты қолдауға бағытталған. «Бұл өте маңызды жоба. Оған қоса ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында қойған міндеттермен үйлеседі.

Осы орайда, «Демеу» әлеуметтік волонтерлік жобасын жүзеге асыру мақсатында жуырда ауданымызға облыс орталығынан бір топ білікті мамандар келді. Оның ішінде психолог, заңгерлер мен дәрігерлер де бар. Жоба мақсаты- ауыл тұрғындарына қолдау, демеу көрсету. Сонымен қатар әр сала бойынша тегін кеңес беру. Нақтырақ айтсақ, заңгерлік тегін көмек, денсаулық сақтау саласы бойынша дәрігерлік көмек және психолог маман көмегі. Мамандар ауыл аймақтарды аралап ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, олардың көкейінде жүрген өзекті мәселелеріне кеңес берді. Шешілмеген мәселелерді облыс деңгейіне көтеріп, шешімін табатынын айтты. Аудан тұрғындары арнайы сауалнама толтырып, жеке кеңес алды.

Гаухар АЛЕКСЕЕВА,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар