ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ҚР ОСК Төрағасы ТМД ПАА байқаушылар тобымен кездесті

2022 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров онлайн-форматта ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен және ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының Бас хатшысы — басшысы Д. А. Кобицкиймен кездесті.

Кездесуге ҚР ОСК мүшелері Шавқат Өтемісов пен Анастасия Щегорцова, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары Бақыт Бектемісова, Жанна Асанова, сондай — ақ демократия, парламентаризм және азаматтардың сайлау құқығын сақтау жөніндегі Халықаралық байқаушы институтының директоры — ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары  Иван Мушкет қатысты.


ҚР ОСК Төрағасы ТМД ПАА байқаушыларын сайлау науқанына дайындық барысы, оның негізгі кезеңдері туралы хабардар етті, сондай-ақ осы уақытқа дейін ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталғанын және штабтар сайлау алдындағы үгіт жүргізіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Дмитрий Кобицкий Ортсайлаукомға кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. ТМД ПАА өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын әзірлеу мен өткізуге, оның ішінде кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайыстарын ұйымдастыру мен өткізуге, сайлаушылар санына, берілген есептен шығару куәліктерінің санына, сайлау комиссияларының дауыс беру күніне дайындығына қатысты түрлі сұрақтар қойды.
Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров ТМД ПАА байқаушыларын Ортсайлаукомның отырыстары мен оқыту іс-шараларына қатысуға шақырды, сондай-ақ ТМД ПАА өкілдерінің өздерін қызықтырған мәселелер бойынша ОСК мүшелерімен және аппаратымен кездесулерін өткізуге дайын екендіктерін білдірді.
ТМД ПАА өкілдері ҚР ОСК жанынан құрылған Сарапшы кеңестің жұмысына онлайн форматта қатысуға мүдделілігі мен дайындығын білдірді, сондай-ақ жастардың сайлау белсенділігін арттыру бойынша бірлескен жобаларды пысықтауды ұсынды.
Кездесу соңында екі тарап сайлауды ұйымдастыру мен өткізу және оларды байқау бойынша жұмыстарға  өзара табыс тіледі.

Басқа жаңалықтар