Экономика

Ақпараттық кеңістікте бірлік пен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде ақпараттық кеңістікте ұлттар арасында келсім мен бірлікті насихаттау маңызды екенін атап өтті.
-Ақпараттық кеңістікте бірлік пен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу маңызды. Бұл – Ассамблеяның барлық құрылымына, әсіресе, журналистер клубына қатысты кезек күттірмейтін міндет. Салалық министрлік, өңір әкімдері ҚХА журналистер клубының құрамына жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қосып, клуб жұмысының бірыңғай алгоритмін жасауы керек. Қазақстандағы этностардың тілінде шығатын, ең алдымен, өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарына жүйелі түрде қолдау көрсеткен жөн -, деді Мемлекет басшысы.
Аталған мәселе әсте құптарлық іс. Журналистика арасында ашықтық пен халықаралық деңгей қалыптастыру қажет. Ол үшін арнайы клубтар құрылып ұлттарды бір арнаға тоғыстыратын БАҚ қалыптастырудың маңызы зор.

Б.Бақтыгереев — Ойыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Related Articles

Back to top button