Әлеумет
Мерекелік жәрмеңке Күздің сыйының куәсі
Тәуелсіздігіміздің тірегі – Ата Заңның бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданғанына биыл 23 толды. Әдеттегідей, дәстүрден жаңылмаған ойылдықтар айтулы күнді бүгінде мерекелік жәрмеңкеме
«Көкжардың» сауда қатарларынан ескен ән самалы тамыздың шуағына шомылған жұртты өзіне еріксіз тартты. Ал, ауылдың таза өнімдерін тұтынушылар өз қажеттерінің бір жерге тоғысқанына тіпті қуанышты. Әсіресе, әр жәрмеңкеге атсалысып жүрген «Бекзат» шаруа қожалығының ұсынған сиыр еті сөреден-ақ көз тартса, саралжынжық «Жігер» шаруа қожалығының әкелген семіз қашарының еті де өз тұтынушысын тез тапты. Өйткені, еттің бағасы да әдеттегі күндерден әлдеқайда арзан. Сонымен қатар, 90 кг қой еті мен жеті қой да ойылдықтардың талғамына ұсынылды. Ал, «Болашақ» шаруа қожалығының төрағасы Темірбек Жауынбаев екі тонна қарбыз-қауынын әкелсе, ауылдардан сары май, құрт-ірімшігі мен тары-талқанын жеткізген кәсіпкерлер де көп «кідірген» жоқ. Жәрмеңкеде шұбат пен қымыз да қасиеті ерекше сусынды «іздегендерге сұраған» болды.