Экономика

Өңірдің төтенше жағдайлар қызметі суға түсу маусымын қорытындылады

Биыл облыста шомылу маусымы 1 маусымда басталып 31 тамызда аяқталды. Маусым бойы өңір құтқарушылары азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды іс-шараларды атқарды. Рейдтер мен патрульдеу жұмыстарына 33 мыңнан астам адам жұмылдырылды. 356 орынға суға түсуге тыйым салу белгілері орнатылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында департамент өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.

Суға шомылу маусымында төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары мен қырағылық танытқан азаматтар 5 адамның өмірін арашалап қалды. Су айдындарындағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп те бірқатар іс-шаралар атқарған. Атап айтсақ, білім басқармасымен мектеп жанындағы 384 лагерлердің жұмысы түстен кейінге ауыстырылды. Облыстың су айдындарына 33 бақылау камералары орнатылып, Төтенше жағдайлар департаментінің басқару орталығына қосылды. Өзен бойындағы тұрғындарға дауыс зорайтқышы бар ұшқышсыз ұшу аппаратымен ескерту жұмыстары жүргізілді.

Related Articles

Back to top button