ОЙЫЛДЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ ҮШІН…
Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері жоғары. Мәселен, ауданның жергілікті бюджетінің кіріс жоспары — 101, 9 пайызға, бюджетке түсетін салық көлемі — 118,5 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі — 143,8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі — 143,9 пайызға, тұрғын үйлерді беру 124,4 пайызға орындалыпты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәжілісінде Ойыл ауданы әкімі Асқар Қазыбаев ауданның жыл басынан бергі 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы айтты.
— Аудан экономикасының негізін ауылшаруашылығы саласы құрайды. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жол картасына сәйкес асылтұқымды мүйізді ірі қара малын көбейту мақсатында барлығы 456 бас асылтұқымды мал сатып алынды.Аудан бойынша шаруашылық субъектілері биыл лизингке құны 497,3миллион теңге болатын 70 жаңа трактормен мал азығын дайындайтын агрегаттарсатып алды, — деді аудан әкімі.
Саралжын ауылдық округіндегі «Спарта» шаруа қожалығы «Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы «Кең дала» бағдарламасымен көктемгі далалық жұмыстарына 10,0 млн. теңге несие алды. Ш.Берсиев ауылдық округінің «Рахат», «Берік-С» шаруа қожалықтары да қаржы алып, ақ бас асылтұқымды мүйізді ірі қара санын арттыруда. Аудан тұрғындары «Ауыл аманаты» жобасы басталғалы 220 жобаны іске асыру үшін 1082,8 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, кәсіптерін ашты. Қысқы мал азығы да артығымен жиналып, жеке аулалар да қамтамасыз етіп отыр.
Аудан әкімі ветеринарлық іс-шаралар, жер қатынастары саласы, жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, соңғы төрт жылда мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген 57 ауыл шаруашылығы субъектілерінің 66000,0 га жер учаскесі толықтай және ішінара ауданның босалқы жер қорына қайтарылған.
— Аудан бойынша 1036кәсіпкерлік субъектісі бар. Биыл 97 заңды тұлға тіркеліп, азық- түлік дүкендері, көлік жуу қызметтері, брусчатка жасау қызметі, кулинария, газ құю бекеті сынды бірнеше нысан ашылды. Жұмыспен қамту саласындағы жоспарымыз 100 пайыз орындалып отыр. Нысаналы топтар үшін өз кәсіптерін бастауға 10 мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді, — деді ол.
Ауданда 23 мектеп, 7 балабақша, 2 қосымша білім беру ұйымы бар. Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылында 60 орындық балабақша пайдалануға беріліп, Ойыл ауылындағы «Асанәлі» балабақшасығимаратына күрделі жөндеу жүргізілген. Ойыл ауылында 150 орындық балабақша мен 320 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Денсаулық сақтау саласында халыққа 22 медициналық мекеме қызмет көрсетеді.
Биыл ауданға 5 дәрігер жұмысқа келіп, тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Ауданның спорт, мәдениет саласында да оң өзгерістер бар: Биыл 6 спорт және балалар ойын алаңыпайдалануға беріліп, 1 спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өткен, Қараой ауылдық клубына 56,0 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген.
Ойыл ауданы бойынша биыл автожол инфрақұрылымын жаңғырту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Ауданның тіршілігіне маңызды ауылішілік және ауданаралық жолдарда құрылыс, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Автомобиль жолдарын салу, жөндеу жұмысына тоқтала кетейін: Шұбарши-Атырау облысына дейінгі автомобиль жолының құрылысын қарқынды жүргізілуде. Ойыл ауданының Шұбарши ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі автомобиль жолында көпір құрылысы да жүргізіліп жатыр. «Ойыл–Қараой» аудандық маңызы бар автожолында, Атап айтсақ, «Ойыл-Қараой» жолының 15-30 шақырымына 600 млн. тенге бөлініп, қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. 30-45 шақырымында асфальттау жұмыстары толық аяқталды. Қаратал ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары да толық аяқталды. Бұған қоса Қаратал ауылындағы Ш. Берсиев, Сүлеймен-Әулие және Ж. Жүсібалиев көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге Ойыл ауылына кіреберіс жолдағы өзен арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда. Мердігер – «Тенгизстройсервис Групп» ЖШС. Жоба құны – 2 665,5 млн. теңге. 15 айға жоспарланған құрылыс жұмыстарының 65 пайызы орындалды. Тіректердің алтауы тұрғызылды. Көпірдің жүріс бөлігін 2026 жылдың қаңтар айының соңына дейін аяқтау көзделген», — деді аудан әкімі.
Ойыл ауылында сегіз пәтерлі жалға берілетін екі тұрғын үй салынады, қазіргі уақытта құрылыс материалдары жеткізіліп, іргетастарды монтаждау жұмысы басталған. Сонымен бірге құрылысы жүргізіліп жатқан алты тұрғын үйдің үшеуі толық аяқталып, пайдалануға берілген, қалған үшеуі келесі жылы берілмек. Аудан әкімі газдандыру, елді мекендерді ауыз сумен қамту туралы да айтты.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.



